19 Сәуір, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Қазнидромет бүгінен бастап алдағы екі тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестердің жылдам ауысуы болжанып отырғанын хабарлады.
Ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі: жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), найзағай, желдің күшеюі орын алады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар. Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны, өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжуда: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі – түнде минус 3 пен плюс 5 жылы, күндіз 5-15 жылы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады деп болжануда" делінген Қазгидромет хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір