• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:35:52
Алматы
+35°

Еліміздің кинотеатрларына энтузиастер түсірген "Бауыр" фильмі шықты. Криминал драма жанрында түсірілген кинокартина бюджетсіз түсірілген.

Туынды шынайы оқиғаға негізделген. Картинада қиындыққа тап болып, одан шығу жолын іздеген екі жігіттің оқиғасы суреттеледі. Фильмнің желісі бойынша, криминал әлемге түсіп, маңдай термен емес, оңай жолмен пайда табуды кәсіп еткен жігіт ақыры тұтылып, түрмеге түседі. Алайда оған кіші бауыры көмектесіп, ағасын көлеңкелі әлемнен алып шығады.

Фильм режиссері әрі идея авторы Шыңғыс Әбдібек тырнақалды туындысының "бюджетсіз" түсірілгенін айтты.

– Бұл кино арқылы жастардың қылмыстық жолға түсуінің зардабы ауыр болатынын көрсеткіміз келді. "Ұрлық түбі – қорлық" деп тегін айтпайды. Сонымен бірге, отбасы құндылығын насихаттаймыз. Бауыры үшін жан алысып, жан беруге дайын жігіттің ерлігі баршаға үлгі болсын дедік. Фильмді жұрт көріп, бағасын бере жатар... Ал кино өз көңілімнен шықты. Фильм "бюджетсіз" түсірілді, жігіттер энтузиазммен жұмыс істеді. Актерлер құрамына, сондай-ақ біздің командамызға қолдау көрсеткен барлық жанға алғысымды білдіремін, –  деді фильмнің режисері Шыңғыс Әбдібек.

Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында және Шу өңірінде өткен

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір