• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:37:42
Алматы
+35°

Қазгидрометтің 26-28 сәуірге арналған ауа райы болжамында елдің солтүстігі мен орталығында ауа райы күрт жылынатыны хабарланды.

"Алдағы күндері антициклон келеді, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді: күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25-ке дейін жылу, орталықта 8-18-ден 15-23-ке дейін жылу, оңтүстікте 18-28-ден 23-30-ға дейін жылу, батыста 20-28 жылу, шығыста 10-18 жылу, ал оңтүстік-шығыста 17-25 жылу орын алады" делінген ақпараттық хабарламада.

Синоптиктер республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын болжап отыр.

Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл мен жел күшейеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір