• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:16:38
Алматы
+35°

Киевке жасаған құпия сапарынан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей ұрыс мақсаттарында сәтсіздікке ұшырап, Украина жетістікке жетіп жатқанын айтты. Бұл туралы CBS News басылымы хабарлады.

Блинкен мен АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің сапары Ресей Украинаға шабуыл бастағаннан бергі ең жоғары деңгейдегі кездесу болды.

Олар Украина президенті Владимир Зеленскийге және оның кеңесшілеріне АҚШ 300 миллион доллардан астам көлемде әскери көмек, 165 миллион долларға оқ-дәрі беретінін мақұлдады.

Блинкен сонымен қатар Америка Украина үкіметіне тұрақты қолдау көрсететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский шенеуніктермен кездесуінде АҚШ президенті Джо Байденнің басшылығына және Вашингтонның Украинаға деген жомарттығына ризашылығын білдірген.

Блинкеннің сөзінше, Ресей Украинаның кейбір бөліктерін қатыгездікпен бомбалауды жалғастыруға тырысады. Ол сондай-ақ Мәскеу ұрыстардағы барлық мақсаттарында сәтсіздікке ұшырап жатқанын, ал Украина жеңіске жетіп жатқанын айтады. 

Блинкен "Бұл соғыстың қалған бөлігі қалай өрбитінін білмейміз, бірақ егеменді, тәуелсіз Украина Путин билікте отырғаннан әлдеқайда ұзағырақ өмір сүретінін білеміз. Біздің Украинаға қолдауымыз жалғасады және түпкілікті табысқа жеткенше жалғасады " деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір