Белсенді, оппозиционер Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда отыр. Ол алдымен қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған қаралы митингті ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке, артынша екі қылмыстық іс бойынша екі айға қамауға алынған. Оған "қарабет" дегені үшін құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, несие амнистиясына байланысты "жалған ақпарат" таратты деген айып тағылып отыр. Аталған айыптарға сәйкес, сот кінәлі деп тапса, белсенді 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
27 Сәуір, 2022 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Алматыда бүгін тіркелмеген Демократиялық партияның бірнеше өкілін полиция қамауға алды.
Белсенді, журналист Инга Иманбайдың айтуынша, полиция ұстап алып кеткендердің қатарында белсенділер Мейірхан Жолаев, Аружан Дүйсебаева, Гүлнәр Мирмамбетова, Нұрбол Байтереков, Нұрбол Касымбеков бар. Мейірхан Жолаев пен Аружан Дүйсебаеваны "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айыппен 15 тәулікке қамаған.
Сондай-ақ полиция бүгін белсенді Абзал Достияровты үйіне іздеп барса, кеше Дәурен Достияровты полиция алып кетпек болған.
Инга Иманбай бүгін ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты кезінде соңғы уақытта "Демпартия" өкілдерін аңду жиілегенін, полицияның бұл әрекетін 7 мамыр күнгі митингпен байланыстыратынын мәлім етті.
Белсенділер 7 мамырда митингке шығып, қамауда отырған бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамайды босатуды талап етуді жоспарлаған. Инга Иманбайдың өзі де әлденеше рет прокуратура тарапынан шақыру алғанын жеткізді. Сөзінше, 4 қаңтар күнгі тікелей эфир мен видеолардағы даусына сараптама жасалып, соны тергегелі жатыр.
Сонымен қатар бүгін белсенді Нұрбол Қанатбеков ұсталар алдында Жанболат Мамайдың әкесін көлікпен әкетіп бара жатқанда жол апатына ұшыраған. Ол көлік тоқтап тұрғанда белгісіз ер адам терезесін қағып, ашқан кезде мойнынан қылқындыра бастағанын, одан құтылмақ болып, келесі көлікке соғылғанын айтады.
Белсенділер "жүргізушіге шабуылдаған адамды полиция алып кетті, бірақ оның түр-түлғасын әлі айтпады, ол өздерінің арандатушысы болуы мүмкін" деп отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір