• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:01:10
Алматы
+35°
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа араласқысы келетін кез келген ел қатал жауапқа тап болатынын ескертті. Бұл туралы BBC хабарлады.
 
"Бізде ешкімде жоқ барлық құралдар бар... қажет болса, біз оларды қолданамыз" дейді ол.
 
Басылым Путин осы арқылы баллистикалық зымырандар мен ядролық қаруларды меңзеп отырған болуы мүмкін деп жазады.
 
Батыс елдері Украинаның Ресейді жеңетініне уәде беріп, қару-жарақ жеткізуді күшейткен. Олар Ресей Украинаның шығысындағы мақсаттарында сәтсізікке ұшырап жатқанын айтады.
 
Өткен аптада Ресей Киевтің төңірегіндегі аудандардан шығып, Донбасс аймағын басып алу үшін ауқымды шабуылға кіріскен.
 
Батыстық әскери сарапшылардың пікірінше, ресейлік күштер Украинаның табанды қарсылығына тап болып, шығынға ұшырап жатыр.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір