• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:49:37
Алматы
+35°

«Әкімдік қайда қарап отыр?» youtube-сериалы/видеодан скриншот

«Әкімдік қайда қарап отыр?» youtube-сериалы елге тез тарап, танымал болды. Туындыда аяқасты аудан әкімі болған қарапайым таксист Нышан Пшанұлының басынан кешкендері баяндалады. Соңғы кезде қоғамдағы өзекті мәселелерді соның ішінде басқару органдарындағы түйіткіл жайттарды кинода әзіл-оспақтап көрсету үрдіске жаппай үрдіске айналды. Шенеуніктердің шынайы өмірі, жұмысына селқос қарайтыны, өзінің ісіне жан ауыртпайтыны халық арасында әзіл-қалжыңның тақырыбы ғана емес, әлеуметтік шиеленістің белең алуына себеп болып келеді. Сондықтан, «Жаңа Қазақстан», бюрократиялық аппараттың бүкіл қоғамның мүддесі үшін «қайта түлеуіден» басталуы керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы 2022 жылғы 13 сәуірде жарияланып, елдегі әкімшілік реформаның келесі кезеңі басталды. Өкінішке қарай, құжат ғылыми қоғамдастық пен азаматтық қоғамда кеңінен талқыланбады. Осы да халықтың 2022 жылдың қаңтарында митингіге шығуына себеп болуы әбден мүмкін.

Отыз жыл бойы әкімшілік реформалардан әбден жалыққан жұртшылықты түсінуге болады. Әр реформада үкімет басындағылар дәл «осы жолы» бәрі міндетті түрде орындалады деп уәде беруден таймады. Бұл Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығында бюрократиямен күрестің жалпы мақсаттарын және мемлекеттік аппарат жұмысының төмен тиімділігі айтылып келді. Сондай-ақ, бұл Елбасының әрбір Жолдауы мен берген уәдесінде көрініс тапты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің бүкіл дәуірінде тиімді, пәрменді, нәтижелі бюрократиялық басқару аппаратын құруға және оны түпкілікті қалыптастыруға бірнеше талпыныс жасалғаны белгілі. Егер әкімшілік реформалардың қазіргі тарихын қысқаша қарастыратын болсақ, онда 4-5 кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең 1990 жылдардың басында пайда болды. Бірақ ол кеңестік дәстүрді ұстанып, шенеуніктер ешқандай байқауға қатыспай, лауазымға сәйкес, білімі болмаса да жоғары басшылыққа оп-оңай тағайындалғаны белгілі. Дегенмен, 1995 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» жарлық сол кездің өзінде Қазақстанда мемлекеттік қызметтің заманауи, тиімді жүйесін құруға уәде берді.

Әкімшілік реформалардың екінші кезеңі 1998-2002 жылдарына сәйкес келіп, мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымды тұлғаларын тағайындау процесінде Президент билігінің күшеюіне әкелді. 1998 жылы құрылған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізі ретінде Елбасыға тікелей бағынып, есеп бере бастады. 1999 жылғы "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа заң ақыры мемлекеттік қызметшілердің конкурстық іріктеуін бекітті. Алайда, шенеуніктер оны бөгде байқаушыларды, сарапшыларды, партияларды, ҮЕҰ-ды тартпай және оларға рұқсат бермей, өздері бақылап отырды

Реформаның тағы бір көрінісі Президенттің әр түрлі жоғары саяси шенеуніктерді Парламент депутаттарымен келісе отырып, басқарушы лауазымдарға тікелей тағайындай бастағаны еді. Шенеуніктерді конкурс арқылы іріктеудің жариялау мен ашықтығы негізінен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланумен шектелді.

Ал, 2003-2009 жылдардағы әкімшілік реформалардың үшінші кезеңі тоқырауды байқатты. Соның нәтижесінде түсініксіз тетіктер қабылдана бастады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы ретінде шенеуніктерді орталықтан аймақтарға және оларды кері қарай ротациялау тетігі енгізілді. Бұл – шенеуніктердің басшылармен бірге қыдырып, көшіп-қонуына әкелді. Лауазымдарға үміткерлерді іріктеу және кадр резервіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия мен мемлекеттік қызмет істері агенттігі де айналыса бастады. Тікелей сайлау мен қоғамдық пікірдің  болмауы тек қағаз жүзінде ғана есеп беруге алып келді.

Әлбетте, әкімшілік реформаларды жүргізу үшін оған уақыт пен сынақ тәжірибелері қажет екені анық. Бірақ 2000 жылғы Жолдауда әкімдерді сайлау, 2004 жылы «электрондық үкіметті» құру туралы айтылғанын, шенеуніктердің жеке кәсібіне жол бермеу туралы берген уәделерін байқамау мүмкін емес. 2005 жылы компаниялардың мүдделерін қолдау туралы уәделердің айтылғанын да назардан тыс қалдыруға болмайды.

Алайда 2022 жылы шыққан мемлекет басшысының Жарлығында бюрократиямен, қағазбастылықпен, төмен тиімділікпен және шенеуніктер жұмысының шығындарын азайтуға қатысты анық айтылған. Осы арқылы 30 жыл бойы қалыптасып қалған құрылымды өзгертуге талпынғанын байқау қиын емес. Жарлықтағы ең маңызды деген бірқатар тармақтарды бөліп көрсетуге болады, мысалы:

  • Шенеуніктер білуі және жүгінуі тиіс бұрыннан белгілі және қолжетімді деректерді пайдалану ерекшелігі. Бұл «Мемлекеттік органдардың «Smart Data Ukimet» мемлекеттік ақпараттық-талдау жүйесінде бар ақпаратты сұратуға және беруге» және оны әуре-сарсаңға салып сұратуға тыйым салудан көрініс тапты.  Бұл, сайып келгенде, оның ресми веб-сайтынан оның қызметтерін пайдалана отырып, мемлекеттік орган туралы барлық қажетті  деректерді алуға мүмкіндік береді;
  • Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің барлық түрлерін «бір терезеден» қабылдау үшін "E-Otinish" жүйесін  цифрландыру және институционализациялау;
  • «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және бюрократияландыру бойынша ұсыныстарды жинауға арналған онлайн ресурс» түріндегі тұрақты ашықтық. Халық пен бизнес өкілдерінің пікірі мен көңіл-күйін бағалайтын параллельді онлайн-орган әлеуметтік желілермен байланысып, соңында шенеуніктердің нақты шешіміне, сондай-ақ әрбір қызметкердің жеке басына онлайн дауыс беру мүмкіндігіне ие болуы мүмкін;
  • «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу құқығына мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларына» өкілеттік беру түріндегі міндетін атқарушы лауазымды тұлғалардың сенімі мен өзара жауапкершілігін нығайту. Бәлкім, бұл жұмыс істемейтін басқармалар мен департаменттердің мәселесі мен жалпы алғанда «креслоқұмар бастықтар» проблемасын шешуге көмектеседі. .

Алайда, әкімшілік реформаны жүргізудің қазіргі талпынысының ең басты жаңалығы мен айрықша сипаты шенеуніктер жұмысының тиімділігін бағалаудың жаңа жүйесін немесе шешімдер қабылдау тетігін енгізу емес, Президент Қ. Тоқаевтың өзінің жеке басына қатысты болып отыр.

Жарлықтың кейбір бөлігі бабы қаншалықты ерекшеленсе де, осы құжаттың негізгі ресурсы ретінде бірінші басшының рөлі шешуші мәнге ие. Барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформалардың нәтижелерін бағалау үшін Президентке жүгінуі таңқаларлық жағдай емес. Ел Президентінің мұндай жарлықтары мен тапсырмаларының нәтиже бермейтіндігін, оның тиімсіз екендігін Қазақстанның саяси партиялары мойындап отыр. Осылайша, «Ақ жол» партиясы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атына жолдаған сауалында Қ.Тоқаевқа бюрократизм деректерін тікелей көрсетті («Бұрмалау мүмкіндігін болдыртпау және «еркін «лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына тікелей және бір мағыналы нормаларды енгізу арқылы түсіндіруі»). Парламент Мәжілісінің депутаттары шенеуніктердің екіжақты шешімдерін тікелей айыптады. Мемлекеттік ведомствоның азаматтардың құқықтарын қорғаудың орнына келесі мекемеге жіберіп, екі ортада әуре-сарсаңға түсірген.

Дебюрократизация – Қазақстанды дамыту мен оны нығайту ісіндегі өз алдына мақсат және шешуші тетік болып табылмайды деп қорытынды жасауға болады. Дебюрократизация соттарды нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметті цифрландыру, сондай-ақ шенеуніктердің беделін және олардың жалақысын арттырудың басқа да міндеттерімен бірге ғана мүмкін болады.

2022 жылғы қаңтар оқиғасы Қазақстандағы, оның ішінде мемлекеттік басқару жүйесіндегі қазіргі жағдайды өзгертуге деген халықтың қажеттілігін көрсетті. Бұрынғы қалыптасқан жүйені өзгерту үшін түбегейлі өзгерістерді талап ету қиын. Бірақ бюрократиямен күресте халықтың шенеуніктерге деген сенімін қалпына келтіру басты элементі болып қала бермек. Сондықтан қазір осы реформадардан мемлекеттік аппараттың жұмысын жандандыратын, нақты нәтиже күтуіміз тиіс.

A+analytics зерттеу орталығы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дебюрократизация

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір