• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 19:18:15
Алматы

Бүгін Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы мүшелерінің кезектен тыс XII съезінде Конфедерация Президиумының басшысы ауысып, Президиум төрағасы болып белгілі кәсіпкер, ірі өнеркәсіптік және әлеуметтік жобалардың негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов Есілбекұлы сайланды.

Жиынға мың жарымнан астам компанияны қамтитын 23 қауымдастықтың басшылары мен 100-ден астам бизнес өкілдері қатысты.

Съезд барысында конфедерацияны 22 жыл бойы басқарып келген ҚР Премьер-министрінің экс-орынбасары Қадыр Байкенов өкілеттігін тоқтататты.

Президиумының жаңа төрағасы Жұмабек Жанықұлов конфедерацияның стратегиялық бағыттарын, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын белгіледі. Енді Конфедерация әлеуметтік және экономикалық бағытта жұмыс берушілердің мүдделерін қорғау миссиясын өзіне жүктеп отыр.

Бұдан бөлек жаңа төраға бірқатар құрылымдық және кадрлық өзгерістерді енгізді. Соған сай, президиумның жаңа құрамы құрылды. Оған Құнды металдарды өндірушілер ассоциациясының Бас директорының орынбасары, ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің бұрынғы төрағасы Қанат Баитов, HeidelbergCement трансұлттық компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Войцех Халат, «Қағанат» қоғамдық тамақтану желісінің негізін қалаушы және иесі Шынар Бөгембаева, Кәсіпкер-меценат, «Daco Motors Kazakhstan» ЖШС компанисының және бірқатар әлеуметтік жобалардың негізін қалаушы Сырымбек Тау, «Dentons» халықаралық заң компаниясының Басқарушы серіктесі Абай Шайкенов, Конфедерация дирекциясының Бас директоры Айдос Абиханов секілді белгілі азаматтар енді.

«PARYZ» Президиумының жаңадан сайланған Төрағасы Жұмабек Жанықұлов өз сөзінде "Мықты және тәуелсіз әлеуметтік-экономикалық институттарсыз, тұрақты экономикасы бар жетілген мемлекетті қалыптастыру мүмкін еместігін атап өтті.

 

– "PARYZ" Конфедерациясының атауына сәйкес, балаларымызға лайықты болашақты қамтамасыз ету, әрбір адам өзін-өзі жүзеге асыра алатын кемел мемлекетті мұраға қалдыру – баршамыздың ортақ парызымыз, – деді жаңа төраға.

 

Фото: Forbes.kz

Жұмабек Жанықұлов Қазақстандағы белделді де белгілі ірі кәсіпкер, меценат. Талай адамды жұмыспен қамтып, экономикаға инвестиция тартып, ел ырысын арттыруға үлкен еңбек сіңірген, бюджетке қыруар салық төлеп, қазынаны байыту жолында қызмет жасап жүрген атпал азаматтардың бірі. Қазақстаннан мұнай-газ саласындағы алпауыт америкалық трансұлттық Halliburton компаниясының филиалын ашуға күш салған. 31 жасында елге 30 миллимон доллар инвестиция тартып, бүгінде мемлекетке тартқан инвестициядарының жалпы көлемі 100 млн доллардан асып жығылады.

Жұмабек Жанықұлов өзін-өзі жасаған Self-made man тұлға. Мәселен, ол Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде білім алып жүргенде математикадан репетитор жалдау үшін таңнан тұрып, мектеп ауласын сыпырып, жастайынан еңбекке араласқан. Осылайша кәсіпкердің білімге, үйренуге, қатарынан қалмауға деген зор талпынысы мен өжеттігі, табандылығы мен төзімділігі жасынан байқалған.

Жұмыс берушілер Конфедерациясы 2000 жылы құрылып, содан бері Қазақстанда әлеуметтік әріптестікті ілгерілетуде, еңбек пен трипартизмнің жоғары стандарттарын енгізу мақсатында қызмет атқарып келеді. Конфедерацияның жұмысын халықаралық қауымдастық жоғары бағалаған. Оның қатарында Конфедерацияның серіктесі – БҰҰ Халықаралық еңбек ұйымы да бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір