• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:45:25
Алматы
+35°
"Хабар 24" телеарнасының директоры қызметіне Айгүл Әділова тағайындалды. Бұл туралы "Хабар” Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли хабарлады.
 
"Айгүл Нұрханқызы – елімізге белгілі тележурналист, тәжірибесі мол, жоғары білікті маман. Еңбек жолын Ақтөбеде бастап, "Рика ТВ", "Астана" телеарналарында, "Қазақстан" РТРК облыстық филиалында тілші, жаңалықтар жүргізушісі қызметтерін атқарды. Кейін "Евразия" бірінші арнасының" тілшісі, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі ретінде танылды. "Хабар" агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асты. Тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік етті. БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Әріптесімізге жауапкершілігі мол жаңа қызметінде жемісті еңбек етіп, табысқа жетуіне тілектестік білдіреміз" делінген Берік Уәлидің жазбасында.
 
Айгүл Әділова "Штрихи к портрету" деген жобасы аясында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бірнеше мәрте сұхбат алған. Журналист бұл жобанғы Елбасының баспасөз қызметімен бірлесіп жасаған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Айгүл Әділова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір