• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:09:02
Алматы
+35°
♦БҰҰ мен Қызыл Крест Мариупольдегі болат зауытынан азаматтардың эвакуациясын қадағалауға үмітті. Бұған дейін ол жерден 100-ден астам адам құтқарылған. Зауыттың украин қорғаушылары Ресей әскері нысанды атқылау үшін ұшақтар, танктер және әскери кеме зымырандарын пайдаланып жатқанын мәлім етті.

♦Украина президенті Владимир Зеленский Ресей сыртқы істер министрін "еврей халқын айыптады" деп сынады.
 
♦Зеленский дүйсенбі күні Одессада ресейлік әскерилердің зымырандық соққысы кезінде 14 жасар жасөспірім қаза тапқанын айтты.
 
♦Ресейдің энергия көздеріне тәуелділіктен қаншалықты тез арылуға болатыны жөнінде ЕО елдерінің пікірлері екіге жарылды.
 
♦Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбі күні парламентіне виртуалды үндеуінде Украинаның Ресей басқыншылығына қарсы жаңа кезеңге өткенін жеткізді. Джонсон мұны Украинаның отан қорғаудағы "ең керемет сағаттары" деп сипаттайды. Ол сондай-ақ Ұлыбританиядан Украинаға тағы да 300 миллион фунт стерлинг көлеміндегі әскери қолдау туралы мәлімдеді. Әскери қолдауда электрондық соғыс техникалары да бар екені айтылды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Ресей БҰҰ ЕО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір