Ресей Сыртқы істер министрлігі Израиль Сыртқы істер министрін "тарихқа қарсы мәлімдемелер жасады" деп айыптады.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Гитлерде "еврейдің қаны бар" екенін және "ең агрессивті антисемиттер әдетте еврейлер болады" деген ойын айтқан.
Израильдің сыртқы істер министрі Яир Лапид Лавровтың мәлімдемесін "кешіруге болмайтын" мәлімдеме деп сипаттап, оның қорқынышты тарихи қателік жасағанын айтады. Лапид "Холокостта еврейлер өздерін өлтірген жоқ" деп кешірім сұрауды талап етті.
Бірақ сейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрлігі Лавровтың пікірін тіпті де құптай түсіп, Лапидті "тарихқа қарсы мәлімдемелер жасады" деді. Сонымен қатар, "бұл – Израильдің қазіргі үкіметінің Киевтегі неонацистік режимді неліктен қолдайтынын негізінен түсіндіреді" деп жазды Ресей сыртқы істер министрлігі .
Ресей "Украина үкіметін неонацистер басқарады" деген негізсіз мәлімдемелерді өзінің басқыншылығын ақтау ретінде қолданып келеді.
Израиль мен Ресей арасындағы "сөз соғысы" екі ел арасындағы соңғы уақыттағы ең күрделі дипломатиялық дағдарысқа айналу қаупін тудырып тұр.
Израиль Украинамен де, Ресеймен де достық қарым-қатынаста және Украинадағы соғысты тоқтату үшін халықаралық делдалдыққа ұмтылған.
Пікір қалдыру