• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:14:00
Алматы
+35°

Синоптиктер алдағы күндері елде тұрақсыз ауа райы болатынын айтып отыр.

Қазгідромет мәліметінше, елдің солтүстік аймақтарына көктемгі ауа райы әлі келмейді.

"Бұл, оңтүстік аймақтарға Өзбекстанның аудандарынан келетін жылы ауа массалары мен солтүстік аймақтарына шабуыл жасайтын суық ауа массаларына байланысты. Солайша, солтүстік-батыс антициклоны түнгі температураның төмендеуіне әкеледі. Ал осы екі ауа ағынының соқтығысуы аясында, батыс өңірлерде жаңбыр (кей жерлерде қатты), найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі" делінген Қазгидромет ақпаратында.

Сондай-ақ синиоптиктер 5 мамырға дейін солтүстік-батыс, солтүстік, орталық аймақтарда күн түнгі уақытта 6 градусқа дейін суытатынын, оңтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіліп отырғанын хабарлаған.

"Жалпы, республиканың басым бөлігінде мамыр айының басында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, оның біртіндеп көтерілуі күтілуде: аптаның соңына қарай күндізгі ауа температурасы 13-25 жылуды құрайды және елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында температураның айтарлықтай ауытқуы күтілмейді" дейді ауа райын болжайтын мамандар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір