• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:53:30
Алматы
+35°
Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыру кезінде арнайы биометриялық жүйе енгізілгелі куәлік алушылар саны күрт азайған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті.
 
– Барлық мамандандырылған ХҚКО-лар жаңғыртылуда. Теориялық емтихан тапсыру кезінде арнайы биометриялық жүйе енгізілді. Ол енгізілген сәттен бастап Қазақстан бойынша жүргізуші куәлігін алғандар саны орта есеппен 58%-ға төмендеді. Былтыр бірінші тоқсанда 36 мың адам жүргізуші куәлігін алса, биыл – 15,2 мың адам. "Сондай-ақ автодромдардағы жабдықтар жаңартылады. Енді кішігірім апат болған жағдайда да, автомобиль қажетті элемент дұрыс жасалды ма, жоқ па, көрсетеді. Себебі олар GPS технологиясы арқылы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 14 мамандандырылған ХҚКО-да автодромдар жаңғыртылды. Әрине, жүргізуші куәліктерін беру рәсімдерін күшейтуге бағытталған барлық шаралар кезектерге әкеп соқты, оны Шымкент қаласында болған жағдайдан көрдік. Егер бұрын курсанттардың 50%-ы жүргізуші куәлігін сәтті тапсырса, қазір бесінші реттен кейін ғана тапсыра бастайды. Кезек қалыптасады, мамандандырылған ХҚКО-ларға түсетін жүктеме артады. Инфрақұрылымды арттыруымыз керек, – деді ол.
 
Сүйеніш Әбділдин инфрақұрылымды күшейту мақсатында Түркістанда, Түркістан облысында, Жаңаөзенде және Арқалықта автодромдар ашу үшін жедел жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
 
Сондай-ақ ол ІІМ-мен бірлесіп, автомектептердің жауапкершілігін күшейту және сынақ емтихандарын енгізу бойынша мәселелер пысықталып жатқанын атап өтті.
 
Биометриялық жүйе енгізілуімен жүргізуші куәлігін сатып алу рисктері азайған. Бұл – куәлік сатушылардың жұмысын қиындатады. Жаңа жүйе енгізілгенге дейін қара нарық арқылы куәлік сатып алу категорияға қарай шамамен 50 мың мен 100 мың теңгеге бір-екі күнде шешілетін әңгіме болса, қазір қара нарықтағы куәлік бағасы 200 мың теңгенің о жақ, бұ жағында екені, куәлік алу мерзімі кейде бірнеше аптаға, айға созылып жататыны туралы ақпарат бар.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жүргізуші куәлігі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір