• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

25 Мамыр, 22:55:01
Алматы
+19°
АҚШ барлау мәліметтерін Киевке беру арқылы украин күштеріне ресейлік генералдарды нысанаға алуға және өлтіруге көмектескен, деп хабарлады Нью-Йорк Таймс газеті америкалық жоғары лауазымды шенеуніктерге сілтеме жасап.
 
Газеттің жазуынша, АҚШ барлау қызметінде Ресей әскерлерінің қозғалысы туралы мәліметтер және оның мобильді әскери штабының орналасқан жерлері туралы ақпараттар бар. Бұл ақпараттарды украин күштері шабуыл кезінде пайдаланған.
 
Украин шенеуніктерінің мәлімдеуінше, жалпы шабуыл кезінде ресейлік 12 жоғары дәрежелі генерал қаза тапқан.
 
"Ресейлік әскердің нашар моральдық деңгейі жоғары дәрежелі офицерлерді майдан шебіне жақындауға мәжбүр етті" деген болжам бар.
 
Нью-Йорк Таймсқа сұхбат берген америкалық шенеуніктер шабуылдардың қаншасына АҚШ барлау қызметі көмектескенін нақтыламады.
 
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Нью-Йорк Таймстың мақаласын сынап, оның тақырыбы "арандату" және "жауапкершіліксіздік" деп мәлімдеді.
 
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Адриен Уотсон Вашингтон Украинаға "өз елін қорғау" үшін ұрыс алаңында барлау мәліметтерін беріп жатқанын растады. Алайда ол мәліметтерді беруде "ресейлік генералдарды өлтіру ниеті" болмағанын жеткізді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Украина Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір