• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:17:04
Алматы
+8°

Тележурналист, жазушы Есболат Айдабосын Алматы облысын екіге бөлу арқылы құрылғалы жатқан бұрынғы Талдықорған облысының аумағын Жетісу деп атау тарихи атаудың мағынасын тарылтады, әкімшілік аумақты ескіше Талдықорған деп атаған жөн деп мәселе көтерді.

Оның айтуынша, Жетісу қай жағынан келсең де әкімшілік бөлініске бағынбас географиялық-рухани кеңістік.

 
"Бұрындары пұшпағы кертілген Жетісу биылғы көктемде қақ ортасынан бөлінді. Алып кеңістік тағы тарылды. Бұл әкімшілік басқаруға қолайлы шығар, бірақ өңірдің тарихи, мәдени кеңістігіне нұқсан келтірерлік іс. Мәселе бөліністе емес, мәселе – атауда. Жетісу облысының қарамағына өткен сегіз ауданның тұрғындары ғана енді өздерін "жетісулықпен" деп еркін айта алады. Алматы облысына қарап қалған Нарынқол, Қаскелең, Ұзынағаш халқы бірте-бірте бұл атаудан қол үзеді. Сосын ұмытады. "Алматылықпын" дер, басқа дер... "Жетісулықпын" десе тыңдаушыны шатастыруы мүмкін. Осындайда "бұрынғыша Талдықорған облысы деп атай салайық, елге, жерге қиянат болмасын" деп президентке кеңес беретін бір адам табылмағаны қалай?! Сонда "Жетісу жерінде екі облыс бар – Алматы және Талдықорған" деп балаға да, басқаға да түсіндіре берер едік-ау. Енді өзім де түсінбей отырмын. Үлкен үйдің атауын кіші үйге беріп, үлкен атты қолдан кішірейткеннен кім, не ұтты? Түсіндіргіштер болса мархаббат!" дейді журналист желідегі жазбасында.
 
 
Есболат Айдабосын Ақмола облысын Сарыарқа деп атайық десең арқаның есі дұрыс азаматтарының бәрі қарсы шығады деп санайды. Өйткені бұл – әкімшілік бөлініске бағынбайтын алып кеңістік, географиялық қана емес, тарихи-мәдени аумақ екенін, Жетісу да сондай екенін айтады.
 
"Бірақ Жетісуды бөлшектеп тастады. Жаңа Қазақстандағы үлкен қателік! Жетісудан шыққан шендісі бар, шекпендісі бар, депутаты, ғалым, ақын, жазушысы мыңқ етпей, осы қателікке қол соғып, қолдап отыр" дейді ол.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір