• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

25 Мамыр, 21:26:38
Алматы
+19°

"Біріккен Ұлттар Ұйымы Мариупольден жұма күні кезекті эвакуацияны ұйымдастырады" деп хабарлады БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.

"Біз адамдарды осы тозақтан шығару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек" деді ол.

БҰҰ Украинаның оңтүстігіндегі қаладан эвакуацияланып жатқан адамдарға психологиялық қолдау көрсету арқылы көмектесіп жатқанын жеткізді.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде Гутерриш қоршауда қалған аудандарға гуманитарлық көмек көрсету және эвакуациялауды қамтамасыз ету қажеттілігін атап өткенін айтты.

Бейсенбіде Путин ресейлік күштер қаладағы зауытта қалып қойған бейбіт тұрғындарға қаладан шығатын қауіпсіз жолды ұсынуға дайын екенін мәлім еткен. Ол сондай-ақ "Киев украин жауынгерлеріне қаруларын тастап, берілуге бұйрық беруі керек" дейді.

Украина президенті Владимир Зеленский түнде сөйлеген сөзінде ресейлік күштер Азовсталь металлургия зауытын атқылауды тоқтатпағанын айтты.

Дереккөз: ВВС

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҰҰ Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір