• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:11:22
+7°
"Владимир Путин Украинада ұзақ соғысқа дайындалып жатыр. Тіпті Украинаның шығысында жеңіске жетсе де, соғысты тоқтатпайды" деп ескертті АҚШ барлау қызметі. Бұл туралы Нью-Йорк Таймс газеті хабарлады.
 
Ресей Украинаның шығысын басып алу үшін кескілескен ұрысты жалғастырып жатыр. Украина Ресейдің Киевті басып алу әрекетіне тойтарыс берген соң Мәскеу әскерін Донбасс аймағын басып алуға қайта бағыттады.
 
"Бірақ соған қарамастан, ресейлік күштер әлі де тығырыққа тіреліп жатыр" дейді АҚШ барлау қызметі.
 
АҚШ ұлттық барлау департаментінің директоры Аврил Хейнс сейсенбі күні АҚШ Сенаты комитетінің тыңдауында Путин әлі де Донбастан тыс жерлерде әскери мақсаттарға қол жеткізуге ниетті екенін, бірақ оның амбициясы мен Ресейдің қазіргі әскери әлеуеті арасында сәйкессіздік көрінктінін айтады.
 
Оның айтуынша, Путин АҚШ пен ЕО-ның Украинаны қолдауын да есептеп отырған болуы мүмкін.
 
Ресей президенті соғысты жалғастыруда түбегейлі басқаша шешімдерге жүгінуі ықтиал екені де хабарланды. Мәскеу "Путин Ресейге айқын қауіпті сезінген жағдайда ғана ядролық қаруды қолданады" деп мәлімдеген.
 
АҚШ қорғаныс барлау агенттігінің директоры Скотт Берриер сол тыңдауда ресейліктер мен украиндар "аздап тығырыққа тірелгенін" айтты.
 
Соңғы шайқастарда Украина солтүстік-шығыстағы Харьков облысындағы төрт елдімекенді қайтарып алғанын хабарлаған.
 
Украина қарулы күштері Ресейден Черкасий Тышки, Руски Тышки, Рубижне және Байракты қайтарып алғанын да мәлімдеді.
 
Украина президенті Владимир Зеленский украиндер ресейлік күштерді Харьковтен бірте-бірте ығыстырып жатқанын айтты.
 
"Одесса портында түнде зымыран бірнеше ғимаратқа тиіп, жақын маңдағы үйлерді теңселтті. Бір адам қаза тауып, бес адам жараланды" деп хабарлады Украина қарулы күштері.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір