• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 00:57:42
Алматы
+12°
Финляндия НАТО әскери альянсының құрамына енбек. Осылайша Ресейдің НАТО-ның кеңеюін шектеу ниеті кері нәтиже беретін сияқты.
 
Ресей Украинаға басқыншылық жасау алдында Путинді алаңдатқан басты мәселелердің бірі – Украинаның НАТО-ға қосылу мүмкіндігі болатын. Украинаның НАТО-ға қосылу жоспары Мәскеудің шамына тиген. Өйтккені Украинаның Еуропа елдеріне жақындауы, Ресей ықпалынан алыстауды білдіретін. Дегенмен НАТО бәрібір кеңейетін түрі бар. Финляндия ұйымға қосылғысы келетінін мәлімдеді, көп ұзамай бұған Швеция қосылуы мүмкін.
 
Финляндия әскери альянсқа мүше атанса, НАТО мен Ресей шекаралас болады.
 
Финляндия президенті Саули Ниинисто бұған Ресей президенті Владимир Путин кінәлі екенін мәлімдеп, "бұған сен себепкер болдың, айнаға қара" деген Путинге.
 
Мамандар бұл өзгерісті Ресейдің Украинаға басып кіруінен туындаған үлкен саяси өзгеріс деп бағалайды.
 
Дереккөз: ВВС
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Финляндия НАТО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір