• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:06:35
Алматы
+35°

Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев telegram-каналында НАТО елдерінің Украинаны қарумен қамтамасыз етуі альянстың Ресеймен тікелей қақтығысы қаупін арттырады деп мәлімдеді.

Ол НАТО Ресей әлемді ядролық соғыспен қорқытуға тырысып отыр деген тезисті енгізуге барын салып жатыр деп санайды.

"НАТО елдері Украинаға жаппай қару беруі, Украина әскерін батыс техникасына үйретуі, жендеттерді жөнелтуі, біздің шекара маңында әскери жаттығу өткізуі НАТО мен Ресей арасында тікелей әрі ашық конфликтке әкеліп соғу ықтималдығын арттырады. Мұндай конфликтің толықтай ядролық соғысқа ұласып кету қаупі әрдайым жоғары. Ал ол барлық сценарий үшін апатты жағдай болады" деген ол батысты әрекетінін салдары туралы ойлануға шақырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір