• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:45:14
Алматы
+35°
Бүгін жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылуы керек болған, алайда банктер бөлінген қаражат шоттарына түспегенін мәлім етіп отыр.
 
Ал автосалондарда ұзын-сонар кезек. Сатылатын көлік жоқ.
 
Informburo.kz сайты ForteBank пен ЦентрКредит банк бағдарлама қаражаты шоттарына түспегенін, әзірге өтінім қабылданбайтынын хабарлағанын жазды.
 
Белгілі болғандай, бұрын жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар жаңа бағдарламаға өтінімді қайтадан тапсырады, кезек жаңадан түзіледі.
 
Іnbusiness.kz сайтының жазуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы автосалондарда көлік жоқ, сату менеджерлері жаңа көліктер 3-4 айда келетінін айтқан.
 
Ел ішінде жиі көтеріліп жүрген жеңілдетілген автонесие бағдарламасын билік қаңтар оқиғасынан кейін қайта жандандырған. Аталған мақсатқа 100 млрд теңге жұмсалады деп күтіліп отыр.

Бағдарлама шарттары төмендегідей:

  • сыйақы мөлшерлемесі: 4%;
  • несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
  • бастапқы жарна: 0 % бастап;
  • көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бағдарлама жанданатыны туралы ақпарат шығысымен жаңа көліктердің бағасы айтырлықтай қымбаттағанын жиі жазады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автонесие

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір