• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

01 Шілде, 23:23:43
Алматы
+22°

Украина қорғаныс министрлігі 264 жауынгер Мариупольдегі "Азовсталь" металлургиялық зауытынан шығарылғанын хабарлады.

"Қатты жараланған 53 жауынгер Новоазовск қаласына, тағы 211 жауынгер Оленовкаға жеткізілді" дейді Украниа қорғаныс министрінің орынбасары.

Украина армиясының бас штабы кейбір жауынгерлер Азовстальда қалып қойғанын және оларды құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Ресейдің Украинаға агрессиясынан кейін Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылу туралы өтінішіне Түркия президенті Ердоған теріс пікір білдірді.

Ресей президенті Путин Скандинавия елдерінің НАТО-ға қосылуынан Ресейге төнер қауіп жоқ деп санайтынын жеткізді.

Батыс әскери дереккөздері Путин әскерінің Донбастағы сәтсіздігінен кейін ұрыс қимылдарына жеке өзі жетекшілік етіп, әдетте 700 жауынгерге жауап беретін кіші офицерлердің өкілетіндегі шешімдерді қабылдап жатқаны туралы хабарлады.

Дереккөз: BBC

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір