22 Мамыр, 2022 Спорт
Фото: Sport.kz сайты
Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дэнни Дигнумнан басым түсіп, орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпион атағын жеңіп алды. Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті.
12 раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Жәнібек қарсыласын алдымен 1-раундта нокдаунға жіберіп, екінші раундта сұлатып түсірді.
Бұл – Жәнібектің 12 жекпе-жектегі 12 жеңісі.
Әлімханұлы енді 180 күн ішінде WBO тұжырымы бойынша толыққанды чемпион атағы үшін америкалық Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға тиіс.
Қазақ боксшысы оған әрдайым дайын екенін мәлемдеп, чемпионды жекпе-жекке шақырып келеді. Сапаршылар бұл кездесуді ұйымдастыру қиындау деп жүр. Оның себебі ретінде қазақ боксшысының тым қауіпті қарсылас екені, онымен жұдырықтасу коммерциялық тұрғыда тиімсіз екені айтылады.
Егер Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартса, толыққанды чемпиондық титул қазақ боксшысына жекпе-жексіз беріледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір