• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:49:49
Алматы
+35°

Independ.kz орталығында «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің брифингі өтті.

Мақсат –  жалпыхалықтық дауыс беру рәсіміне азаматтық бақылауды кеңінен қамтамасыз ету және алдағы референдум рәсімдерінің әділдігі мен адалдығына кепілдік беру мәселесін талқылау.

Қоғамдық бірлестіктің өкілдері референдумға мониторинг жүргізетін штаб құрғандығын хабарлады. Штабтың алдағы қызметі туралы оның жетекшісі Ботагөз Құдышева, Әуезов ауданының үйлестірушісі Жанна Мұқатаева, Алмалы ауданының үйлестірушісі Жасұлан Тәжібаев айтып берді.

Ботагөз Құдышева референдум халық пікірін білдіретін мүмкіндік болғандықтан, мұндай шараны «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі  қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміздің әрбір азаматы бүгінде Жаңа Қазақстан идеясын тең мүмкіндіктер келбеті, әлеуметтік әділеттілік және әрбір адамның әл-ауқатының өсуіне жасалған қадам ретінде қабылдайды және одан шабыт алады. Қоғамдық бірлестік белсенділерінің атынан Ботагөз Кұдышева Жаңа Қазақстанда мемлекеттік емес ұйымдар маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жанна Мұқатаева өз кезегінде қоғамдық бірлестік еріктілері әрқашан еліміздегі қоғамдық өзгерістердің басы-қасында жүретіндігін және мемлекеттік құрылымдардың жұмысына мониторинг жүргізетіндігін айтты. Сондай-ақ, 4-6 маусым аралығында Марков көшесі мен Ғабдуллин көшесінің қиылысында орналасқан ғимараттың 4-қабатында (Көктем шағын ауданы) ұйымның штабы жұмыс істейтінін хабарлады.

«Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі атынан кездесуді түйіндеген Жасұлан Тәжібаев барлық азаматтарды референдумда дауыс беруге, сол арқылы Жаңа Қазақстанды құруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір