• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:56:41
Алматы
+8°

Халықтың өмір сүру сапасының маңызды факторы тұрғын үймен қамтамасыз ету болса, қазір ШҚО-да 280 миллиард теңгеге 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр.

Осы жылы 647 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 4 мыңға жуық отбасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл алдыңғы жылғы көлемге қарағанда 116 пайызға жоғары.

Ал табысы төмен халықты қолдау үшін тұрғын үй сатып алу үшін 200 млн. теңгеден астам сомаға 204 тұрғын үй сертификаты берілді. Жеке инвестицияларды тарту есе­бінен құрылыс салушылар 104 мил­лиард теңгеге 86 коммерциялық үй­дің (450,6 мың шаршы метр) құрылысы жүргізуде.

Инвесторларға инженерлік инфрақұрылымы бар жобалар мен жер телімдері ұсынылды. 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын кемінде 700 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделінген. Тек облыс орталығында 2025 жылға қарай 3 миллион шаршы метрге жуық жаңа тұрғын үй салынады. Әсіресе 21, 25 және 28 тұрғын аудандарда құрылыс белсенді түрде жүргізілмек.

Ағымдағы жылы "Бір қабатты Шығыс" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Семей, Риддер және Өскеменде, сондай-ақ облыстың көптеген аудандарында жаңа үйлер пайдалануға беріледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО баспана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір