31 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мешітке барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты" делінген хабарламада.
Сонымен қатар, президент елордадағы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары да қатысты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір