01 Маусым, 2022 NEWS
Фото: Егемен Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны өзгерту жөніндегі референдумның мақсаты мен міндеттері жайлы айтты, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
– Менен ел ішінде де, шетелде де қазіргі мемлекет басшысы өзінің өкілеттік мерзімін референдум арқылы ұзартуға, былайша айтқанда, президенттік мерзімін жаңадан бастауға ниетті ме деп сұрап жатады. Менің жауабым: мұндай ниет жоқ және болмайды. Ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасы өзінің мазмұны бойынша өте ауқымды. Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, – деді Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда.
Сондай-ақ президент бұл шара елдегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір