• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:54:01
Алматы
+35°

2022 жылдың 30 мамыр күні «Bugin Association» ҚБ ұйымдастыруымен Тұран университетінде «BILIM ALL LIKE» интелектуалды-зияткерлік сайысы өтті.

Жобаға Алматы қаласының Тұран университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Сүлейман Демирель университеті,  Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті және т.б. университет студенттері қатысты.

Жобаға қатысқан барлық командаға сертификаттар мен «Daryn books» жобасының «Daryn» кітаптары табысталды. Сонымен қатар, жоба барысында жүлделі орын алған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді: 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Алаш» тобы - І орын және 50 000 теңге;

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ғылым stars» тобы - ІІ орын және 30 000 теңге;

Алматы технологиялық университетінің «Ғибрат» тобы – ІІІ орын және 15 000 теңге иеленді.

Фото: «Bugin Association» қоғамдық бірлестігі

Финалдық кезеңге дейін өткен Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Тұмар» тобына және Қазақстан-Британ техникалық университетінің «BasTimes» тобына арнайы Байжан Әділет мырзаның қолдауымен «Eleven» караокесіне 10 000 теңге ақшалай сыйлықтар берілді.

«BILIM ALL LIKE» интелектуалды-зияткерлік жобасын сәтті өткізуге атсалысып, қолдау білдіргені үшін «Тұран» университеті басшылығы және Тулекова Гулжан Қажымұратқызына, «Керемет» кеңсе заттарының басшысы Қаратаев Аслан Ерболұлына алғыс білдіреміз.

«Bugin Association» қоғамдық бірлестігі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір