• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 06:49:28
Алматы
+35°
Референдумның алдын ала нәтижелері бойынша сайлаушылардың 77,18%-ы Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап дауыс берді, деп хабарлады  орталық референдум комиссиясы хабарлады.
 
"6 маусымда сағат 08:00-де еліміздің барлық өңірлеріндегі және шетелдегі 10 012 сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Дауыс беруге келушілер көрсеткіші – 68,06%. Конституцияға енгізілетін өзгерістер үшін дауыс беруге қатысқандардың жартысынан астамы, оның ішінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада кемінде 2/3 бөлігі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі", делінген хабарлады брифингте Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
 
Референдумға қатысқандардың 18,66 пайызы түзетуге қарсы болған. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылса, дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,58 пайызы есепке алынбаған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір