08 Маусым, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға заңды түрде тыйым салу, сондай-ақ акциз енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Негізгі даудың себебі бұларға (жылытылған темекі қосылған өнімдерге – ред) салынған салық. Білесіз бе, осы уақытқа дейін Қазақстанда электронды темекіге ешқандай салық салынбаған. ДДСҰ мәліметінше, бұл темекілер әсер ету, құрамындағы никотин және басқа да көрсеткіштері жағынан кәдімгі темекі сияқты. Сондықтан, депутаттар акциз (салық – ред) салу туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Қазақстанда темекі қоспасы бар электронды құрылғылар деп аталатын вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын Денсаулық сақтау кодексіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды. Оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Сондықтан біз Салық кодексінен бұл ұғымдарды алып тастадық", деп түсіндірді ол Мәжіліс отырысында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір