• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:38:34
Алматы
+35°

"Әл-Қайда" ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - Ред) Үндістанда теракт жасаймыз деп қорқытып отыр. Лаңкестік топ билік партиясының бұрынғы өкілі Мұхаммед пайғамбар туралы айтқан пікірінен кейін осындай мәлімдеме жасады, деп жазады lenta.ru.

"Делиде, Мумбайда, Уттар-Прадеш пен Гуджарат аймағында жанкешті шабуылдар жасаймыз" дейді ұйым өкілдері. Террористер қазір полиция тарапынан қорғалған үнді саясаткеріне жету үшін балаларды жанкешті ретінде пайдалануға дайын екенін де айтты.

Үндістанның "Бхаратия Джаната" партиясының бұрынғы өкілі Нипур Шарма өткен аптада ұлттық телеарнадағы пікірталас кезінде Исламға қарсы және Мұхаммед пайғамбар туралы бірнеше мәлімдеме жасаған. 

Аталған мәлімдемеден соң Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі елдері мен Үндістан арасында дипломотиялық жанжал туып, Нипур Шарма қызметінен босатылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір