• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:05:36
Алматы
+12°

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев экс-президент Н.Назарбаевтың саясаттағы рөлі туралы сұраққа жауап берді, деп жазды Tengrinews.kz.

– Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде саясатқа араласып жатқан жоқ. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Әрине, үлкен жағдайлар болғанда, мысалы референдум сияқты шаралар өткен кезде азамат ретінде, саясаткер ретінде міндетті түрде қатысады. 

Барлық мәселе заңда қалай көрсетілген, сол бойынша шешіліп жатыр. Конституцияға байланысты президент құқықтары бар. Үкіметтің, сенаттың, мәжілістің құқықтары бар. Олардың бәрін заң жүзінде жүзеге асырып жатырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы референдум болған кезде Қазақстан азаматы ретінде өзінің даусын берді. Ол – әрбір азаматтың құқығы. Бірақ саясаткер ретінде, Тұңғыш Президент ретінде Қазақстан саясатына араласып отырған жоқ, – деді Әшімбаев сенат отырысында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір