Атом электр стансасы қайда салынатыны хабарланды

/image/2022/06/10/crop-19_67_465x827_220609190642367e.jpg

Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр стансасы салынатын орынды нақтылады, деп хабарлады ҚазАқпарат ақпарат агенттігі.

– Нақты орын емес, орналасатын өңірге қатысты ведомствоаралық комиссия өткіздік. Қалай десек те, ол Балқаш көлі маңында орналасады. Бұл - Алматы облысындағы Үлкен ауылының төңірегі. АЭС салынатын жерді айқындадық, – деді Болат Ақшолақов президент жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің отырысынан кейін.

Оның айтуынша, атом электр стансасы құрылысына қатысты бірқатар аспектіні әлі де зерделеу қажет.

– Биыл осы уақытқа дейін бірнеше рет айтқан нюанстарды зерделеу жұмысын жүргізу қажет. Олар геология және суға байланысты мән-жайлар. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады. Содан соң есептеулерді байланыстырамыз. Бірақ есеп жүргізу үшін технологияны айқындау қажет. Технологияны келесі жылы айқындаймыз, – деді министр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар