• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:01:09
Алматы
+35°

Қазгидромет 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады.

 

"Солтүстік-батыс және Оңтүстік циклондарының бірігуінен республиканың барлық аумағында дерлік ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі" делінген ақпараттық хабарламада.

 

Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26-ға дейін төмендесе, оңтүстік-батыста 25-35-ке дейін жоғарылайды. Солтүстікте 20-28-ден 25-30-ға дейін ауытқиды, шығыста 28-37-ден 24-33-ке дейін төмендейді. Орталықта 22-30-дан 27-32-ге дейін көтерілсе,  ал оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30-ға дейін төмендейді джеп күтіліп отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір