• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:33:13
+35°

BUGIN HOLDING IT компаниясы өзінің 9 жылдығын атап өтпек. Нарықта өз саласында жетекші орынға ие компания ертең атаулы күнге орай арнайы деректі фильмді көрсетпек. Бұл туралы холдинг жетекшісі Айбек Қуатбай хабарлады.

"@bugin.holding-тің құрылғанына биыл 9 жыл. Аз да, көп те уақыт емес. Осы 9 жылдың ішінде холдинг аясына бірнеше компанияны топтастырып, әлеуметтік, коммерциялық, танымдық, қоғамдық жобаларды жүзеге асырдық. IT бойынша компаниялардың көшін бастап келеміз. Бұл жетістік оңай келмеді. Команданың сын сағатында сыр бермей, ұлт үшін үздік жобалар ұсынғысы келетін патриот жастардың үздіксіз әрекеті @bugin.holding-ті бүгінгі дәрежеге жеткізді. 9 жылдық мерейтойымыздың құрметіне BUGIN HOLDING тарихы баяндалатын документалды фильм түсірдік. Біз қалай бастадық, қандай қиындықтар кезікті, қандай жетістіктеріміз бар? Фильмде осы сұрақтар қамтылған" дейді Айбек Қуатбай Instagram парақшасында.


Фильм көрсетілімі ертең, 15 маусым күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті кітапханасының үлкен залындасағат 15:00-де өтеді..

Іс-шараға танымал кәсіпкерлер қатысып, түрлі сыйлықтар ойналады деп жоспарланған.
 

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Айбек Қуатбай (@aibekkuatbai)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: BUGIN HOLDING

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір