• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

01 Шілде, 23:33:43
Алматы
+22°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде елге кірген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін Ресей әскері деп шатастыруға болмайтынын мәлем етті.

– ҰҚШҰ Қазақстанға шектеулі контингентін жіберу арқылы 30 жылда алғаш рет өзін көрсетті. Ресей емес, ҰҚШҰ екенін баса айту керек. Ресейде кей тұлғалар жағдайдың тонын өзгертіп, Ресей Қазақстанды құтқарып қалды, енді Қазақстан Ресейге өмір бойы қызмет етіп, Ресейдің аяғын құшып өтуі керек деп айтып жүр. Бұл – қисық пайым, шындықтан алшақ нәрсе деп санаймын, – деді ол "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол ҰҚШҰ күштері әскери қимылдарға қатыспайтыны туралы алдын ала келісілгенін, ҰҚШҰ контингенті бірде-бір оқ атпағанын, олар Қазақстанда 10 күнге жуық уақыт қана болғанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір