• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 08:26:37
Алматы
+12°

2022 жылғы сәуірде 83,5 мың автокөлік құралы есепке қойылған, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз, оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 18,7%-ға, автобустардікі 29,1%-ға кеміді, бұл ретте жеңіл автомобильдердің саны 1,5%-ға артты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 4 357,6 мың бірлікті құраған, оның ішінде 87,8% – жеңіл автомобильдер, 10,4% – жүк, 1,8% – автобустар.

 

Жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер 50,3 пайызды құрайды. Шыққанына 10-нан 20 жылға дейінгі автокөлік құралдарының үлесі – 21,1%, 7-10 жыл аралығындағылар – 14,5%, 3-7 жыл болғандар – 6,4%, машиналардың тек 7,6 пайызының пайдалану мерзімі 3 жылдан кем. Шығарылған жылы 20 жылдан астам автомобильдердің үлесі жүк көліктері арасында – 60,8%, автобустар бойынша – 42,2 пайызды құрайды.

 

Автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында (534,7 мың), Алматы қаласында (508,7 мың) және Қарағанды облысында (310 мың) тіркелген. Ең азы Атырау облысында (116,9 мың).

Жанармай ретінде жеңіл автокөліктер негізінен бензинді пайдаланады (87,8%), көлік құралдарының 8% аралас отынмен жүреді. Жүк көліктерінің 48,7%-ы дизель отынымен, қалғандары бензин (45,9%) мен аралас отын есебінен (2,2%) қозғалады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автонарық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір