• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:15:02
+35°

"Bugin Holding" IT компаниясы 9 жылдық мерейтойына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ұлттық кітапханасында деректі фильм көрсетті. Фильмде компания осы 9 жылда ұшырасқан қиындықтар мен жеткен жетістіктер, өз саласындағы жетекші компанияға айналу жолу және компания қызметкерлерінің қызықты оқиғалары көрсетілген.

Іс-шара барысында компанияның негізін қалаушы Айбек Қуатбаев деректі фильмнің негізгі мақсатын түсіндіріп, шараға келген қонақтар мен студенттерге алғысын білдірді. 

– Біріншіден баршаңыздың отбасыңыз бен жасап жатқан кәсіптеріңізге сәттілік тілеймін. Бүгінгі сіздерге ұсынылып отырған деректі фильм компанияның бүгінге дейін атқарған жұмыстарының жалпы есебі десек те болады. Алдағы уақытта да халыққа пайдалы әрі сапалы өнімдер дайындауды жалғастыра бермекпіз. Компания өнімдерін Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне де шығару жоспарда бар, – деді Айбек Қуатбаев. 

"Bugin Entertainment" студиясының продюссері Лаура Артықбаева деректі фильм түсірудің негізгі идеясына тоқталып өтті. 

– Бұл – біздің бүгінге дейін жасаған ауқымды жобаларымыздың бірі де бірегейі десем де болады. Фильмнен өздеріңізге керек білім ала аласыздар деп сенемін. Мен жалпы фильм түсіру идеясының қайдан келгеніне тоқталып өтсем деп едім. Алғашында жаңадан келетін қызметкерлерге арналған танымдық ролик ретінде түсіру жоспарланған еді. Алайда бүгінге дейінгі атқарған жұмыстарды, компанияның негізгі құндылығын бір роликке сыйғызу мүмкін болмады. Содан деректі фильм түсіру туралы идея келді. Айбек мырза да идеяны бірден қолдай кетті. Деректі фильм осылай жарыққа шықты. Сіздерге де бұл фильм шабыт сыйлайды, үлкен білім береді деген сенімдеміз. Баршаңызға алғыс айтамын, – деді Лаура Артықбаева. 

Іс-шара соңында көрермендер арасында деректі фильм жөнінде сұрақтар қойылып, сыйлықтар табысталды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір