• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:28:40
+12°
Тележурналист Сергей Пономарев Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыровтің қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан егемендігін Ресей сақтап қалды деген даулы мәлімдемесіне жауап берді.
 
Журналист Рамзан Кадыровтің видеосын өзіне көптеген адам жібергенін, "Қазақстан егемендігін жоғалтып ала жаздады" деген сөзімен дауласуға болатынын, бірақ оның мәнін көріп тұрмағанын жеткізген.
 
 
"Вайнахтардың "шешендер - ред) үшінші буыны ұмытшақ болып шығатынын күтпедім. 1944 жылғы ақпанда Кеңес билігі Гитлер жағына өтіп кетуі мүмкін сенімсіз ұлт деп 500 мың шешенді тамақсыз, киімсіз Қазақстанға жер аударып жіберген. Бұл – тұтас ұлттық ең үлкен жер аударуы еді. Адамдарға тіпті жиналуға, азық-түлік, керек-жарағын жинауға мұрсат бермей, үстіндегі киімімен қақаған қыста қазақ даласына әкеліп тастады. Лаврентий Берия мұндай "іс-шараларды" мейрамдарға орайластыруды ұнататын. Адамдарды 23 ақпанда аязда жинап, 9 наурызда көшіруді аяқтаған. Мен 90 жылдардың басында департация күні Грозный қаласында болдым. Бірінші шешен соғысында репортаж жасап, жергілікті тұрғындармен тілдестім. Үйіне оралған шешендер бірінен кейін бірі көзіне жас алып қазақтар туралы ыстық ықыласын білдіріп, алғысын айтып жатты. Қазақтар оларға нанынан үзіп беріп, әбден қалжыраған балаларын сабан үйіне кіргізіп, қыста далада аштан өліп қалудан құтқарып қалған" дейді журналист.
 
 
Сергей Пономаревтің сөзінше, Шешенстанның тұңғыш президенті, генерал-майор Джохар Дудаев сұхбатында Қазақстан – шешендердің екінші Отаны, бауырына басып, тамақ беріп, аман қалуына, өмір сүруіне мүмкіндік берген Отаны деп ағынан жарыла айтқан.
 
"Шешендер Қазақстан мен қазақтардың осы жақсылығын біледі. Біреуің Рамзан Ахметұлының есіне осыны салып қойыңдаршы. Мүмкін бір минутқа болса да, ұяты қысар" деп жазады ол.
 
Қазақстан президенті Қ.Тоқаев Санкт-Петербергте өткен форумда Қазақстан серпаратистік, проресейлік Луганск және Донецк республикаларының тәуелсіздігін мойындамайтынын мәлім еткеніннен кейін, Рамзан Кадыров қаңтар оқиғасында Қазақстан Ресейдің арқасында егемендігін сақтап қалды деп, Қазақстанды ҰҚКШ ұйымы өкілдері қатарында Ресейдің Украинаға соғысына болыспай отыр деп айыптаған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Рамзан Кадыров

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір