• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:18:05
Алматы
+35°

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Алексей Данилов Украина мен Ресейдің соғысы әлі ұзақ уақыт жалғасатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол канадалық Globe and Mail басылымына берген сұхбатта айтқан. 

"Жағдай қазір шиеленісіп, қиындап кетті. Мен ресейлік әскерді әлсіз деп ойламаймын. Олар техникалық жағынан мықты екенін мойындау керек. Олар қару-жарағын сайлап келген", деді ол. 

Данилов орыс армиясының артиллерия мен ауыр техникадағы артықшылығын да мойындайтынын айтты. 

"Бірақ бұл – біздің әскерді қорқытпайды. Біз өз міндетімізді атқарамыз. Ара-тұра қарсы шабуылдар жасаймыз. Бірақ соғыс әлі жалғасып жатыр және аяқталуына әлі ұзақ уақыт бар. Тіпті жылдарға созылуы мүмкін", деді Данилов. 

Данилов Украина Ресей басқыншылығынан бері қанша әскерін жоғалтты деген сұраққа жауап беруден бас тартты. Дегенмен ол "қарсы тараптың шығынынан әлдеқайда аз" деп мәлімдеді. 

Ол сондай-ақ Ресей әскері Украина аумағынан, оның ішінде Донбасс пен Қырымнан шыққанда ғана соғыс аяқталатынын атап өтті. 

"Соғысты тоқтату мүмкін бе? Мүмкін. Алайда соңғы шешімді қоғам қабылдауы керек. Егер бұл қабылданбаса, қоғам үкіметсіз соғысқа барады" деді ҰҚҚК басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір