• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:15:24
Алматы
+12°

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова/Фото:Globallookpress.com

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресей Қазақстанның Донецк пен Луганск республикаларын тәуелсіз деп танудан бас тартқан позициясына құрметпен қарайтынын мәлім етті. Бұл туралы ол ресейлік "Лента.ру" сайты тілшісінің сауалына жауап бергенде айтқан.
 
 
– Бұл – біз ұдайы айтып жүргеніміздің іс жүзіндегі жарқын мысалы. Біздің ұстанымымыз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ серіктестерімізге құрметпен қараймыз. Демократия мен плюрализмді ұстанатын сияқты көрінетін, шын мәнінде пікір алуандығына төзе алмайтын батыстан айырмашылығымыз осы жерде, – деді Захарова.
 
 
Ол сондай-ақ Ресей Қазақстанға көзқарасына бола қысым жасамайтынын, Нұр-Сұлтанмен екіжақты құрмет пен мүддеге негізделе отырып өрбитін ынтымақтастықты іздеуді жалғастыратынын, Мәскеу өзінің ұлттық күн тәртібінмен жүре беретінін жеткізді.
 
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербергте өткен форумда Қазақстан серпаратистік, проресейлік Луганск және Донецк республикаларының тәуелсіздігін мойындамайтынын мәлім еткен.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір