• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:47:32
Алматы
+35°

Өскеменде Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жыл сайын 23 маусымда Қазақстанда тәртіп сақшылары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толады.

Бүгін мерейтойлық күнге арналған салтанатты шараға облыс әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, ІІМ ардагерлері, орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары және полиция департаментінің жеке құрамы қатысты.
Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің құттықтау сөзінде:

"Бүгін кәсіби мерекені біздің өмірімізді, денсаулығымызды және мүліктерімізді сақтай отырып, тәртіп пен заңдылықты күн сайын қорғайтын адамдар атап өтеді. Күмән жоқ, дәл біздің полицейлер батылдық, шыдамдылық пен қайсарлықтың үлгісі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның полиция органдары бірнеше күрделі кезеңдерден өтіп, барлық жағынан өсті. Олардың қоғамдық тәртіпке, бейбітшілік пен келісімге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан үлесі баға жетпес. Біздің полицейлер қоғам мен мемлекеттің мүдделерін, біздің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өзінің азаматтық және қызметтік борышын одан әрі абыроймен атқаратынына сенімдімін" деді.

Даниал Ахметов 30 полиция қызметкеріне Өскемендегі жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер кілттерін табыс етті.
Фото: ШҚО ақпарат орталығы

"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен Күршім полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Серік Манапов, "Ішкі істер органдарының үздігі" l дәрежелі төсбелгісімен Зайсан полиция бөлімінің бастығы, подполковник Дидар Қамзин марапатталды.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиевке мерзімінен бұрын полиция "полковнигі" атағы берілді. Аягөз полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Әбішев "подполковник" погонын алды.

ШҚО полиция департаментінің көптеген қызметкерлері полицияның 30 жылдығына орай кезекті атаққа ие болды.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

ҚР ІІМ бұйрығы бойынша 50 полицей мерейтойлық медальдармен марапатталды. 508 полицейге мерейтойлық наградалар, қол сағаттары, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Даниал Ахметов құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне олардың ауыр еңбектерінде табыс, таңдаған мамандығына адалдық, отбасыларында денсаулық пен амандық тіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Полиция күні ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір