• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:13:11
Алматы
+35°

Ресейдің Рязань қаласында Ил-76 әскери ұшағы құлады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. 

Ұшақта болған 9 адамның 3-еуі қаза тауып, 6 адам ауыр жарақат алған. Орынбордан Белгородқа шыққан Ил-76 ұшағына Рязань қаласында жанармай құю керек болған. Құлаған ұшақ өртеніп, бірақ жылдам сөзндірілген.

"24 маусымда Ил-76 әскери ұшағы Рязань аймағына қонды. Жүксіз оқу-жаттығу рейсін орындау кезінде қозғалтқышта ақау анықталған. Кейін қону туралы шешім қабылданды. Алайда жерге жақындағанда ұшақ істен шығып, жартылай құлады", деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрлігі.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей ұшақ апат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір