• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:20:01
Алматы
+35°

2022 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 19,2%-ға өсті.  Мүндай деректерді ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.

Қант былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 78,7%-ға, қырыққабат 72,4%, пияз 69,3%-ға қымбаттаған. Картоп бағасы 9,8% төмендеген.

Бағаның өсуі (маусым 2021ж.-маусым 2022ж., өсім, пайызбен)

78,7%  құмшекер

22,8%  қышқыл сүт өнімдері

72,4%  қырыққабат

21,9%  минералды және ас су

69,3%  басты пияз

20,7%  кондитерлік өнімдер

33,1%  ұн

19,1%  салқындатылған сусындар

30,1%  макарон өнімдері

18,5%  темекі өнімдері

29,7%  құс еті

17,3%  нан

28,5%  жармалар

16,8%  жылқы еті

26,0%  қатты ірімшік

16,3%  шұжық өнімдері

25,4%  тоқаш және ұн өнімдері

15,9%  сары май

25,3%  жаңа піскен жемістер

14,9%  қой еті

23,5%  кептірілген жемістер мен жаңғақтар

14,7%  күнбағыс майы

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі бір жылда 13,2%-ды құраған. Жуу және тазалау заттары – 20,8%, тұрмыс құралдары – 19,7%, құрылыс материалдары – 18,6%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 18,2%, автомобильдер – 15,1%, ыдыс-аяқ – 13,9%, тоқыма бұйымдары – 10,8%, фармацевтикалық өнімдер 9% қымбаттаған.

Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өскен.

Баға деңгейі қоғамдық тамақтандыру қызметтерінде – 15,9%, денсаулық сақтау қызметтерінде – 14,7%, санаторий қызметтерінде – 13,7%, кешенді демалу ұйымдарында – 13,2%, шаштараздар бен жеке қызмет көрсету орындары қызметтерінде – 12%, қонақ үй қызметтерінде 5,7% өскен. Жолаушылар көлігі қызметтері 4%-ға қымбаттаған.

Қымбатшылық тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында да байқалған. Электр қуаты тарифі – 7,5%, қоқыс шығару – 2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,4% жоғарыласа, ал орталықтан жылыту тарифі – 2,3% және ыстық су тарифі 0,9% төмендеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қымбатшылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір