• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:48:09
Алматы
+8°

Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының 4 объектісін дамытуға басым бағыт беріліп отыр. Олардың ішінде Бұқтырма су қоймасы, Катонқарағай ұлттық паркі, Риддер қаласы мен Глубокое ауданының тау шаңғысы кластері бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов мәлімдеді.

Катонқарағай ауданындағы еліміздің ең ірі ұлттық паркі Экологиялық және ауылдық туризмді дамытудың үлкен перспективаларына ие, онда жалпы ұзындығы 680 км болатын 14 туристік маршрут пен соқпақ шоғырланған.

 

– Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауданда ауылдық туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Берел ауылының 24 тұрғынына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілді. 18 жеке кәсіпкер тіркелді, оның 15-і "Еңбек" бағдарламасы бойынша 583 мың теңгеден грант алды. 1 жоба "БЖК – 2025" бағдарламасы бойынша 5 млн теңге грант иегері атанды, – деп атап өтті Марат Қабақов.

 

Бұдан басқа, "Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы" қоғамдық қоры әрбір кәсіпкерге 500 мың теңгеден грант берді.

– Аталған қаражатқа кәсіпкерлер ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді, жиһаздарды жаңартты, атпен серуендеуді ұйымдастыру үшін жылқы сатып алды. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап алғашқы туристерді қабылдау басталды, – деді спикер.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, Үлкен Нарын ауылында туристік-ақпараттық орталық құру бойынша жоба жүзеге асырылуда, ол өзіндік туристік хаб – 10 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жергілікті туристік өнімдер туралы ақпарат беру жөніндегі сервистік қызметке айналады.

– Жыл басынан бері Катонқарағай ауданының Өрел ауылында 1,5 млрд теңге сомасына 150 төсек-орынға арналған "Мұзтау" туристік кешені ашылды. Өскемен қаласында құны 2,5 млрд теңге болатын 200 төсек-орынға арналған 3 қонақ үйдің, құны 900 млн теңге болатын Бұқтырма су қоймасындағы демалыс базасының құрылысы аяқталуда, – деп түйіндеді Марат Қабақов.

ШҚО Ақпарат орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір