Көрнекі сурет
Қазгидромет 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Республиканың басым бөлігінде күн ысыған сайын ауа массалары тұрақсыз болады, бұл будақ-жаңбырлы бұлттылықтың дамуына және жауын-шашынның түсуіне себепші болады: 12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында найзағаймен, қатты желмен қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі" делінген Қазгидромет хабарламасында.
Күндізгі ауа температурасы:
♦ Батыста: +34+42°С;
♦ Оңтүстік-батыста + 40+45°С;
♦ Солтүстік-батыста +28+35°С-тан +30+40°с-қа дейін;
♦ Солтүстікте +25+33°С-тан +22+30-ға дейін;
♦ Орталықта +22+30°С;
♦ Шығыста +22+32°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді,
♦ Оңтүстікте +29+37°С-тан +32+40°с-қа дейін, оңтүстік-шығыста + 22+32°С-тан +25+35°С-қа дейін жоғарылайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір