• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 17:02:01
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі халыққа арналған қанттың үлкен көлемін сатып алу үшін төлем жасады. Шілде айының соңына қарай өңір тұрғындары кезекте тұруға мәжбүр болмайды.

– Біз екі облыста жұмыс істейміз, өйткені Абайдың өз бюджеті жоқ. Ай сайын бізге 1898 тонна қант қажет. Бұл – өткен жылдардың талдауларынан белгілі. Айына 474 тонна қажет. Әзірге біз 203 тонна аламыз. Біз өткен жылы  1898 тонна сатып алдық, ал қазір 2000 тоннаға төлейміз. Мен ауыл шаруашылығы министрімен келіссөздер жүргіздім. Ол ай соңына дейін жағдай реттелетінін айтып отыр. Егер қалыпты тұтыну бір жолға қойылса, біз даурығусыз қалыпты режимге ораламыз, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-де өткен брифинг кезінде.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО қант тапшылығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір