15 Шілде, 2022 Әлем
Фото:www.kp.ru
Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзян АҚШ-ты үнемі өтірік айтады деп айыптады.
"Олар үнемі өтірік айтады. АҚШ – өтірікшілердің империясы" деп жазды қытайлық дипломат өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін Чжао Лицзян Twitter желісінде әлемдегі америкалық әскери базалардың саны делінген картаны жариялаған болатын.
"Ал енді әлем елдеріне кім қауіп төндіріп тұр?" деп жазған ҚХР СІМ өкілі. Ол әлемдегі 80 елде америкалық 750 әскери база бар екенін айтады.
Сонымен қатар, Чжао Лицзянь АҚШ-ты әлем тарихындағы ең соғысушы ел деп атап, бұл – ғаламшардағы бейбітшілік пен дамуға үлкен қауіп төндіретінін айтты.
Бұған дейін Қытай АҚШ-ты аумақтық суларына басып кірмек болды деп айыптаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір