• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:33:24
Алматы
+35°

Украина президенті Владимир Зеленский елдегі Қауіпсіздік қызметі басшысы мен бас прокурорды ведомстволардағы мемлекеттік опасыздық деректері жиілеп кетуіне байланысты қызметінен қуды, деп жазады ВВС.

Зеленскийдің сөзінше, бұрынғы 60-тан астам қызметкер Ресей басып алған жерлерде Украинаға қарсы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта ауызжаласты, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен құқыққорғау органы қызметкерлерінің үстінен 651 іс қозғалған.

Қызметтен қуылған шенеуніктер Иван Баканов пен Ирина Венедиктова жағдай жайлы әзірге жақ ашқан жоқ.

 

 

"Ресей Федерациясы мүддесі үшін әрекет еткен қылмыстық топ құрамына кіргендердің бәрі жауапкершілікке тартылады. Олар жауға құпия ақпарат беріп, ресейлік арнайы қызметпен өзге де әріптестікке барған" дейді Зеленский.

Сондай-ақ базасы Херсон қаласында орналасқан барлау қызметінің жоғары лауазымды шенеуніктері де күдікке ілінгені белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір