• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:28:10
Алматы
+7°
 

Ұлыбританияда соңғы 12 аптада балық сатылымы 12 пайызға, сиыр еті 14 пайызға, қой етінің сатылымы 24 пайызға төмендеген, деп жазады Daily Mail. басылымы.

Ет бағасы қалтаны қағатындықтан тұрғындар тауық етін сатып алатын болған. 

"Ақуыз бар тағамның бәрі қымбаттап жатыр. Бәрінен қымбаты – балық еті, ізінше қой еті қымбаттай түскен. Қымбаттағанына қарамастан, тауық ең қолжетімді ет болып тұр. Азық-түлік таңдағанда қымбатшылықты басқару тәсілі шешуші факторға айналған" дейді сарапшы Глесни Филлипс.

Сәуірге қарай сүйегі бар сиыр еті келісіне 11,34 фунтке (6300 теңгеге жуық) дейін қымбаттаған. Ал тауық еті 3 фунттан (1600 теңге) сатылып жатыр.

Басылым британиялық вегандар орташаесепті тұрғынға қарағанда азық-түлікке едәуір көп жарататындықтан, балама диетаға өту отбасылық бюджетті үнемдемейтінін жазады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір