19 Шілде, 2022 NEWS
Фото: atpress.kz
Қазақстан қаржы нарығындағы "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің тізімі жаңарды. "SKYLINE INVESTMENT COMPANY S.A." жеке компаниясы 1 шілдеден бастап "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің тізімінде жоқ.
Оның орнына Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті акционер атанған. Енді елдің басты телекоммуникациялық компаниясының акцияларын бөлу төмендегідей тәртіппен жүзеге аспақ:
- "Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ – 45,90%;
- "ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ – 25,42%;
- The BANK OF NEW YORK Mellon DRS (номиналды ұстаушы) – 8,62%.
Осылайша, "Қазақтелеком" АҚ-тың 70 пайызы мемлекет меншігіне өтті.
Айта кетейік, сәуірде "Қазақтелекомның" 28,8%-ы мемлекет қайтарылатыны белгілі болған еді. Бұл кезде Қазақстан үкіметі сәйкес қаулы қабылдаған. Құжатта Қайрат Сатыбалдының "Skyline Investment Company S.A" жеке компаниясы "Қазақтелеком" АҚ шартты капиталының 24,95%-на тең 2 671 481 қарапайым акциясын сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын" делінген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір